Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  112


Автор: Марат Нұрқалиев

Көже беру

– Әй, Сәмпи,
Құлағыңды түріп ал,
Саған айтпасам,
Ішімді тесетін түрі бар:
Әлгі Әйкен өседі дейді,
Ауылдан ауданға қарай
көшеді дейді.
Соның бәйбішесін
Қатырып,
Қонаққа шақырып,
Жылы-жұмсақтан таттырып,
Шампанның тығынын
аттырып,
Сыйлап жіберсек қайтеді?!
Қажет болар Әйкені...
– Әй, Сәмпи,
Құлағыңды түріп ал,
Саған айтпасам,
Тіліме теріскен
шығатын түрі бар:
Әлгі Әйкенің
Өседі емес, өшеді екен,
Ауданға емес,
Айдалаға көшеді екен.
Со неменің салпы етегіне
Шығын болған асым-ай,
Шампан атып шатысқан
Шағылып қалғыр басым-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу