Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  566


Бақытжан Қыдырəліұлы

Аңсау

(Бейбарс сұлтанға)
Құлақтан кетпей көк бөрілердің үндері,
Көп болды бір түс мазалап жиі жүр мені.
Əлде бір аңсау кірпікті мүлдем ілдірмей,
Күйзелтті тағы мысырдың мылқау түндері.
Түсінде дəйім көретін көкжал бабасын,
Кім білер дейсің жүректің мынау жарасын.
Көк бөрі көңіл көгіне қарап ұлып бір,
Аңсау мен түрам қыпшақтың дарқан даласын.
Тұратын тартып далаға дарқан көңілім,
Аңсайтын дəйім түн қатып жартқан өмірін.
Естиме үнін көкемдер қалған сол аймақ,
Далада қалған баяғы жетім бөрінің.
Көз жасын көңіл көркіреп күн дей төгеді,
Қалған ем жетім жетіммін тағы себебі.
Білмеймін əйтеу жусаныма əлде өлеңі.
Даланың иісі мұрныма келе береді.
Не керек бүгін туымды биік көтердім,
Жанымда бірақ жалғыздық тартқан жетер мұң.
Мысырдың мынау тəрк етіп алтын тағында,
Құшағында ұйқтап жатар мем шіркін көкемнің.
О! Қыпшақ елім арманым менің ақ далам,
Жете алмай саған жат елде жетім қап барам.
Көкемді шапқан жендеттің сол бір қылышы,
Неліктен тəңір мені де бірге шаппаған.
Туғанмен сенде сен үшін терін төкпеген,
Кешегөр дала тілдесіп жатқан көк пенен.
Сұлтаны болып жүргенше елдің текке мен,
Ұлтаның болып өмірден неге кетпегем.
Басалмай жанды мейіріңе сенің шөлдеген,
Жатармын өксіп өкініш кешіп көрде мен.
Перзенті бола ең үлкен қайғы екен-ау,
Отаның үшін от кешіп жүріп өлмеген.
Жеткенде ажал Алладан əмір беріліп,
Жат жерде қалар жаралы тəнім көміліп.
Пəниде емес бахида сені табармын,
Сағыныштардан кемсеңдеп жасым төгіліп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу