Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  169


Автор: Ерғали Бақаш

Қара өлең

Қара қазан тұтқышымен көрікті,
Қара кемпір түсінде оны көріпті.
Қара бала карта ойнауға кеткенде.
Қарабура суға батып өліпті.
Қарабура Алатауға жақын-ды,
Қолы барып кім қазады ақымды.
Қаралы елдің қайғысына ортақпын,
Кеудесінен итерсең де ақынды.
Жанарына жасын ойнап ғаламның,
Жүрегіне жара шықты даламның.
Қарабура шаңдататын соқпақты,
Қуатымен жырлап өтем қаламның.
Толқын тірлік токтатқанша кемесін,
Елестетем қарабура елесін.
Қарлыққанша айқай салғым келеді,
Дауысымды естіп бəлкім шыға келесің.
Неге мені түсінбейді мына аспан,
Бұлттар анау көкжиектен ары асқан.
Қара кемпір көзінде жас қисайды,
Қара бала кешіккесін қыр асқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу