Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  115


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Махаббат туралы

О, махаббат,
Барша жанды құзырыңа бағынтып,
Қос ғашықты бір:бірінің дидарына сағынтып.
Ғашық отын сан жүректі жылатып.
Арманның биігінен құлатып,
Қасіреттің теңізіне лақтырып,
Махаббаттың тәтті уына шақтырып.
Қала берді әр ғашық жан бар қызықтан айрылып,
О, махаббат қарамадың сен сол жанға қайрылып.
Қарамадың сен сол жанға Көз қырыңды салмадың,
Ғажап емес бұл өмірде жалғыз болып қалмағым.
О, жалған-ай,
Қиялыма келеді қанат жалғағым.
Әттең бірақ қалмады, сенің мінсіз талғамың.
О, махаббат,
Қатігезсің ия, ия жасырман.
Келе жатсың еш бір мінсіз, сан мың жылдан ғасырдан.
Мен өзіңе жалынғамын, бас ұрғам.
Бірақ мені қаламадың ия оны жасырман.
О, махаббат,
Баянсызсың сен неге?
Аяушылық етсең нетті пендеңе.
Жалын отты жас жүректі жаралап,
Жас жанымды қайғы дертің аралап.
Кететіндей айып тағып қаралап.
Кететіндей мазақ етіп табалап.
О, махаббат,
Әрбір жанды жарты етіп жараттың.
Дүйім жұртты тек өзіңе бағындырдың, қараттың.
Әрбір адам өз жартысын тапсын деп,
Хабарлама тараттың.
Содан бері сан ғасырлар өтіпті,
Әрбір адам өз жартысын іздеуменен кетіпті.
Кейбір жандар бақытынан айрылып,
Баз біреулер арманына жетіпті.
Жігіт сүйсе қыз аруды арманына жеткізер,
Қасіреттің теңізіне батырмастан өткізер.
Ал қыз сүйсе, жігітіне айта алмайы тілегін,
Кім түсінер ару қыздар жүрегін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу