Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  170


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Қазақ қызы туралы

Ей қазақтың ұл-қызы,
Көк аспанның жұлдызы.
Әсем көркі құлпырған,
Көк айдынның құндызы.
Жусанды келдің құрағы,
Шөл даланың бұлағы.
Ақылды, алғыр адамның,
Сөзі мен ойы қырағы.
Қолаң шашы бұралған,
Өрімі шаштан құралған.
Сұлуымды кергенде,
дейді жігіт – «тұралман».
Үкілі сұлу бөрікі,
Гаухардай қыздың көрікі.
Шыбықтай белі бұралып,
Өзінде қыздың ерікі.
Қыр гүліндей жайнаған,
Жүзінен нұры таймаған.
Қазақтың сұлу қыздары,
Ақ бекендей ойнаған.
Анаға қарап қыз есер,
Адалдық үшін күресер.
Еліне еңбек сіңірген,
Әкеге қарап ұл есер.
Шеше көрген тон пішер,
Деген мақал ылайық.
Көрікті, іскер, ақылды,
Қазақ қызы болайық.
Қазақтың қызы осындай,
Ақылы мен көркі тең.
Жағымсыз іске қосылмай,
Жүретін адал пейілі кең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу