Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  106


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Балалық, қайран балалық?

Балалық-ай, балалық,
Қайда кеттің сен ұзап.
Далада, сұлу кештерде,
Жүруші едім мен ұзақ.
Ойға терең бойламай,
Жүретін, аңқау саналып.
Ештеңе де ойламай,
Жүретін қайран балалық.
Өзіңмен күліп бауырым,
Жүруші ек бірге мәз болып.
Елемей көктем жауынын,
Қалғанын білмей жаз болып.
Сол күндер, қайран сол күндер,
Сағынып жүрмін, амал жоқ.
Оралмас қайтып ол күндер,
Кетті ғой үшып самал боп.
Ренжіп кейде қуанып,
Қапа боп, кейде достасып.
Сол күндер есте түр анық,
Ал бүгін тұрмыз қоштасып.
Жолымыз біздің әр басқа,
Өмірдің заңы, не етерсің.
Ауылға болмас бармасқа,
Өзің де ұшып жетерсің.
Көруге мені зарығып,
Жүрсің бе айтшы, жүрсің бе.
Жүрмін ғой менде сағынып,
Көп ойлап бірақ, күрсінбе.
Кездесіп айда, жылдарда,
Сыр шертіп мүмкін жүрерміз.
Бұл өмір бізді тыңдар ма,
Осылай өмір сүрерміз.
Қарасам талмай алысқа,
Елестеп бейнең күлетін.
Сол кездер қалды-ау алыста,
Айрылмай бірге жүретін.
Жүрмін ғой аңсап, езіліп,
Балауса, балғын дәуренді.
Тұрады орның сезіліп,
Қойсайшы өмір әуреңді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу