Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  91


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тау туралы

Мен отырмын Жүк таста тауға қарап,
Тамаша ақ қар басқан адырлы алап.
Қорғақтас тауға бітқен құрыштай боп,
Міз бақпай дөңкиіп тұр, маған қарап.
Бүкіл алап салғандай алақанға,
Қар тілеп, қарқылдайды ала қарға.
Сауысқан шықылықтап, секеңдейді,
Үйренгендей көндігіп жоқ пен барға.
Тау суы көктем шықса тасып қатты,
Доп құрлы көрмейді екен азамзатты.
Көк аяз ысқырғанда, мұзға оранып,
Долы езен пәпігіне түсіп қапты.
Жаз қайда кек аспаннан жұлдыз аққан,
Көр тұман қаптап келеді, батыс жақтан.
Үйқысын қимай тұрған баладай боп,
Зорға-зорға бозарып атар ақ таң.
Ұйықтаса қойшы мүлгіп, қатты шаршап.
Қораны торауылдар қасқыр, қарсақ.
Меңіреп қойлар үркіп ығысқанда,
Тыншымайды шәуілдеп күшік жар сап.
Қыранның бар емірі биікте етер!
Зымырап таудан-тасқа киік кетер.
Дүниенің бар қызық кереметі,
Алып тау құшағына сыйып кетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу