Эсселер ✍️

  30.05.2022
  5630


Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдығының себептері неде? Пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.

 


Тіл. Үш әріптен, үш дыбыстан тұратұғын сөз болса да, қаншалық


маңызға ие екенін, қоғамға қаншалықты қажет екенін біз білеміз. Бүгінде қазақ қоғамы туған тілінде “а” деп ауыз аша алмайтын жандармен толып


кеткенін көз көріп жүр. “Әркімнің туған тілі - туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе” - деп ХХ ғасыр әдебиетіндегі алып тұлға Сәбит Мұқанов кейінгі буынға осындай өнеге айтып кетсе дағы, бүгінгі күні тілге деген құрмет, тілге деген сүйіспеншілік жоғалып бара жатқандай. Шет тілдерін меңгеріп, жаңа тілде сөйлеуге басымдық бергендіктен бе, әлде туған тілде сөйлеуді намыс көргендіктен бе, жастар қауымы баба тілінде қанатын кеңге жайған қырандай еркін сөйлей алмай, іркіліп жатады. “Бүгінгі жастардың тіл жұтаңдықтары неден, неге қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар азайып кетті?” - деген сауалдардың жауабын табуға тырысып көрейік.


 


Біріншіден, қазіргі ғаламдық мәселе дейміз бе, тек қазақ емес, бүкіл


адамзаттың қажеттілігі болып отырған - ағылшын тілін меңгеруге ұмтылып, батысқа еліктеуден, Қазақстанда тұрып, орыс тілінде сөйлеуден туындайтын факторлар - жастардың ана тілімізде еркін сөйлеуіне кедергі жасап қана қоймай, ұмыт болуына да жол ашып жатқандай. Тіл - қарым-қатынас құралы, тіл - сөз алмасу құралы. Егер сол тілде кімде-кім адамдармен байланысқа түспесе, пікір алмаспаса ол тілдің қолданыстан шығатыны, бірте-бірте ұмыт болатыны дәлелдеуді қажет етпейтін аргумент емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу