Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  76


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қарғалар қарқылынан шошынамын...

Қарғалар қарқылынан шошынамын,
Түнгі аспанның жарқылынан шошынамын.
Қас пен көздің арасында бәрі өтер-ау,
Ал жүрек көтермейді дос ылаңын.
Дос ылаңы...
ақ пейілім тосылады,
Мың қайғыға бір қайғы қосылады.
Бұл тірліктен безініп сорлы жүрек,
Қанды жасы көзінен жосылады.
Жосылады,
тірі пенде көзіне көрінбестен,
Жоқтаймын мен
досты іздеп көңілде өшкен.
О, жүрегім, Құдайдан мықтысың-ау
Арпалыспен айбынды өмір кешкен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу