Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  194


Автор: Бекен Әбдіразақов

Отыз жылдай дәуренім босқа өткен бе?

Отыз жылдай дәуренім босқа өткен бе?
О, жүрегім, сен енді: «Қош, көктем!» де.
Жылайды ғой еңіреп тірі пенде,
Оралмайтын сапарға дос кеткенде.
Көз жасымды етектеп төккенменен,
Қайырылмайды жігіт шақ – көктем деген!
Салауатын айт-тағы, қайран жүрек,
Жүрім тіле өзіңе көптерменен.
Жайтаңдаған күндерден із қалды ма?
Қазынашым қыздардан қызғанды ма?
Қызғанса егер, өткенге өкінбеймін,
Қызуы оның ерітер мұздарды да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу