Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  97


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ойнақтаған балаңыз от басады...

Ойнақтаған балаңыз от басады,
Әке-шеше таңғалып оттасады.
Екеуінің ауызы көбіктеніп,
Ел көзіне шалынбас жоқты ашады.
Қарыспалар қаруын оқтасады,
Құр тірестен жалығып, тоқтасады.
Екі арада көңілді тот басады,
Басы қатып, бірдеңе жоқтасады.
Қайда қалды, табылмай жоқтағаны,
Шырылдасар басқандай шоқ табаны,
Естен шығып бет жырта оттағаны,
Іздейді кеп тірідей жоқ баланы.
Ойнақтаған ботасы от басты да,
Тынды ақыры өз-өзі соттасты да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу