Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  67


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шаңқай түс

Шыжғырып тұр күн төбеден,
Талып жатыр тіршілік діңкелеген.
Күн түлеткен жігіттің жотасындай,
Дала үсті де жалбырап күлтелеген.
Бір тамшы су тамызса-ақ таңдайына,
Нұр бұрқ ете түспекші маңдайына!..
Толықсыған Арыстың бұл даласын
Көресің де, құлазып мұңданасың.
Мұңданасың басыңды шайқап қана,
Оу, жолаушым, тағат қып, байқап қара.
Көктемнен соң жатыр ғой курортшыдай,
Шілде нұрын сіміріп байтақ дала.
Күз келгесін түрегеп, күреңдетіп,
Диқанменен кетеді сүреңге еніп.
Көктемдегі бір тамшы маңдай тері
Омырауынан төгілер күн өңгеріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу