Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  75


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Уәж

Ізім қалған баяғы құмға барам,
Жалықтым-ау қырды аңсап бұл қаладан.
Ай туғанда ауылды нұрландырып,
Жүрегім ғой бөбектей іңгәлаған.
Іштен тынып құр жатыр біздің дала,
Үндемейді мылқаудай құзғынға да.
Бел-белестің ыпыны ғайып болса,
Орнымызға жылайды күз мұңдана.
Көп айтылды Тәңірге мінәжатым,
Бақтан гөрі, сор маған, сірә, жақын.
Пенделердің қолымен жасалған соң,
Арқаладым күнә мен кінә затын.
Өмір сүріп келемін нәлетпенен,
Өз-өзіме сыя алмай әлектенем.
Ұйқым қашып жүргенде, күлкім безіп,
Жалғыздыққа сүйенем кәр етпеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу