29.05.2022
  241


Автор: Ескен Елубаев

АЛМА БАҚ

Ерте көктемде
Ерлеген – бiз.
Алма ағаш егiп,
Терлегенбiз.
Суарып,
Баптап,
Бағайық деп,
Шырын алмасын
Қағайық деп,
Жеген адамның
Қаны толсын деп,
Туған өлкенiң
Сəнi келсiн деп...
Ағаштар өсiп,
Алма бақ болды.
Өздерi де бiр
Əмбебап болды.
Жаз бенен қыста,
Көктемде,
Күзде,
Əр алма ағаш
Айдала, түзде,
Бораған қарда,
Желдiң өтiнде,
Бiз алма жесiн деп,
Еңбек етуде.
Көзге қуаныш –
Алма бақ сəндi.
Оның алмасындай
Алма жоқ дəмдi.
– Алма табатын
Жұмысшы бiз, – деп,
Күнi-түнi жатыр
Жұмысын iстеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу