Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  83


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Зар идірген

Адыра қалғыр бұл әлем
Шектелмейді кәпірлікпен, күнәмен...
Ал сен болсаң, періштедей жаным-ау,
Жаратқанның жамалына құмар ең!
Жоқ қой саған лайық түк,
Жалғыз ғана махаббат бар ғайыптық.
Ортасында фәни менен бақидың
Жүзсем деймін табытымды қайық қып.
Біздің жағдай – қысталаң,
Саясаттың саудасына түсті адам.
Дүниені дүрліктіріп шайтан би,
Жамағатты жадылап жүр мыстан ән...
Өмір сүрмей бір мәнді,
Мен өтермін сүйреңдетіп сұлбамды.
Жүрегімнің жұмағынан жаралып,
Қараңғыға сіңіп кетті нұр мәңгі.
Күмірем қапқыр бұл әлем
Шеттелмейді күпірлікпен, кінәмен...
Кесір қала тыныштығын жоғалтып,
Тақсіреттен тыныстайды түн әрең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу