Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  98


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Мүмін

Лүпілдеп таңғы нұр жүректен,
Зікірлеп мәңгі жыр дүреткем.
Бес күнгі сүрекпен, бес түрлі тілекпен –
Бес құнды парызды пір еткем!
Аллаға арналды бар мадақ,
Жан-дүнием ғаріп боп зарламақ.
Тілімнің тірі үні, ділімнің дірілі –
Тоқсан да тоғыз-дүр ардақ ат!
Жарқырап ақиқат нұры алдан,
Құтылдым шайтани тұманнан.
Жұмақтың жұпары, исламның кітабы –
Өміріме беріп тұр Құран мән!
Алты ауыз кәлима – Хақ Кәләм,
Құдайым сақта деп сақтанам.
Азайтып күнәмді, оқимын дұғамды –
Ақырет күні үшін жаттаған!
Тура жол – Пайғамбар сүндеті,
Бас тартпау – үмбеттің міндеті.
Фәниді сәндеген, бақиды пәмдеген –
Шексіз ғой Тәңірімнің құрметі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу