Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  76


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Түнгі тәубе

Жазғы түн – жеті қараңғы,
Жүрекке ып-ыстық сыз өтіп...
Әлдилеп екі баламды,
Отырмын өлеңмен күзетіп.
Жанымның дұғасын жолдай,
Өргіздім өртенген өзектен.
Алдында күнә-ісім болмай,
Барайын Аллама кезекпен.
Көлдетіп зікірлі жасты,
Жылағым келеді біртүрлі.
Көңілім бүкір қыр асты,
Жұпарлап мұңым мен күлкімді.
Мына түн – Қадір түніндей,
Есіп тұр мүбәрәк бір самал.
Қолдаса сабыр пірімдей,
Санамды сары алтын нұр шалар.
Тәңірімнің зарықтырғаны,
Аңсаумен келемін дидарын.
Болайын ғаріп-құрбаны,
Серттескен жолдасым – иманым.
Алдымен ниетім сыналад,
Ниетімдей ағарып таң атты-ау.
Тұрағым – жетінші қабат,
Бұрыннан белгілі Шәр-Ақтау...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу