Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  108


Автор: Ибрагим Иса

Үңілдім жанарыңа

Үңілдім жанарыңа –
Махаббат оянбаған.
Күнәсіз, үнсіз, түнсіз,
Қалтырап үркеді екен.
Сол көзде бір пәктік бар,
Қимылсыз аялдаған.
Ал мен бір тұрақсызбын,
(Айыбым үлкен екен).
Міне, мен тағы отырмын,
Күнәһар вермутпенен,
Үнсізбін,
Ал шаршадым дегенім – сылтау ғана,
– Лермонтов дәл қай жылы атылған? –
Мен күтпеген
Сұрақ бұл,
саған енді қарадым жайлап қана.
Жалтардым сұрағыңнан,
Түсінші өзің ептеп,
Махаббат керек емес,
Уақытың бекер кеткен.
Керегі –
Барлығы да бітсе екен тезірек тек!
Бітсе екен!
Тек тезірек,
Бірақ бұл бітер деп пе ең?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу