Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  92


Автор: Ибрагим Иса

Жүрек сөзі

Таусылғанда насыбай,
Сені іздеймін, досым-ай!
Қандай жақсы, жарасып
Жүргеніміз осылай!
Асты алпыстан жасым-ай,
Ағарды ғой шашым-ай.
Ол шіркінге қаншама,
Қарағанмен шошып-ай,
Құтылмайды екенсің,
Кәріліктен қашып-ай.
Жасымай да, тасымай,
Басымызды қосып-ай,
Жүргеніміз ғажап қой,
Қара жерді басып-ай.
Төмен түсіп басың-ай,
Мені көрсең шошымай,
Жетіп жатыр қарсы алсаң,
Қабағыңды ашып-ай.
Құбылмалы ғасыр-ай,
Жетер жердің қашығы-ай!
Өтер жерден өте алмай,
Жетер жерге жете алмай,
Жатармыз – ау сасып-ай.
Сондықтан да, досым-ай,
Әңгіменің ашығы-ай:
Бар, жоғымыз сезілмей,
Сіз, бізіміз үзілмей,
Ақылдасып, ойласып,
Аға, іні боп сыйласып,
Атып қойып насыбай,
Жүрейікші осылай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу