Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  127


Автор: Ибрагим Иса

Қол қояиын

Қазақтың қайсар ұлы Дәулет Тұрлыхановқа
Әкелердің құшағынан жол басталар сен іздеген,
Аналардың құрсағынан қалыптасар мінез деген.
Ақ айдында жүзіп келе жатыр сенің ақ желкенің,
Өз бағытын өзгертпейтін бақыт дейтін теңізбенен.
Қайыспайтын,майыспайтын
сияқтысың, сүйікті емен,
Саған қарап арай сүйіп,
талай шыбық биіктеген.
Оңайлықпен алынбайтын,
бағынбайтын Даңқ деген,
Тұрды сенің алдыңа кеп, басын әр кез иіп төмен.
Шамаң барын білді халқың
бәйгелерде оза алатын,
Елжіретіп, желбіретіп көтердің ғой қазақ атын.
Туған елің салмақтайды, ардақтайды
әрқашанда,
Жүрегінде әлдилейді сен сияқты Азаматын.
Буырқанған кеудеңдегі
қайратың мен намысыңды,
Келе жатсың әлі өшірмей
сексеуілдің шоғы сынды.
Жармасқандар тамағыңа,
балағыңа,
амалсыздан,
Сенің ақыл, амалыңа
шыдай алмай сағы сынды.
Ерлігімен,
өрлігімен жылу берер жанға дәйім,
Сен сияқты азаматтар,
аман болсын, айналайын!
Бәйгелерде оза алатын,
шығаратын қазақ атын,
Мен өзіңдей ұлдар үшін:
Жүрегімнің мөрін басып,
Болашаққа қол қояйын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу