Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  154


Автор: Ибрагим Иса

Ана тілім

Ана тілім қандай әсем!
Ана тілім – шуақ маған!
Өз тілімде сөйлемесем,
Жаурап тұрған сияқтанам.
Ана тілім қандай әсем!
Ана тілім – бұлақ маған.
Өз тілімде сөйлемесем,
Шөлдеп тұрған сияқтанам.
Ана тілім қандай әсем!
Осы тілден қуат табам.
Өз тілімде сөйлемесем,
Қазақ емес сияқтанам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу