Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  98


Автор: Ибрагим Иса

Ұйықтама

Алып-ұшқан көңіліңді тұйықтама,
Бәріне де өмірде сүйіп қара.
Жаяу жүрер кезіңде жаяулап көр,
Ояу жүрер кезіңде ұйықтама.
Жаяу жүріп жер табын сезініп ал,
Көңіліңе түйгенің өзіңе ұнар.
Жалғасысың Сен дағы өткендердің,
Қалмас үшін өкініп көз іліп ал.
Күн мен түнің кетпесін араласып,
Ояу жүріп ұйықтама қара басып.
Мынау жарық дүниеден аларыңды,
Алу керек ұйықтамай жағаласып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу