Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  132


Автор: Ибрагим Иса

Талай жайға қанықпай келеміз ғой біз әлі....

Талай жайға қанықпай келеміз ғой біз әлі,
Кешегі сән-салтанат бүгін бізден ұзады.
Жынды айқайға айналды небір әсем қыз әні,
Аяқ бассақ болғаны, арамзаның тұзағы.
Шуылдаған серіктер келтіреді ызаны,
Зуылдаған көліктер түнгі ұйқыңды бұзады.
Ойы тапшы біреулер жақсы ойыңды сызады,
Бұның бәрін білген соң бойда қаның қызады.
Халық едік қонақжай, ел едік бір тойымды,
Жерден бақыт табам деп, алақаным ойылды.
Жүр біреулер тойып жеп сенің баққан қойыңды,
Себеп деген көбейді, әдеп деген жойылды.
Кетіп жатыр біреулер пайдаланып ойыңды,
Етіп жатыр біреулер аяқ асты тойыңды.
Сен жүресің бүкшеңдеп көрсете алмай бойыңды,
Тұр біреулер тасада, саған сақтап сойылды.
Небір жақсы жігіттер жамандыққа бой ұрды,
Небір мықты мақсатқа мәңгі нүкте қойылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу