Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  90


Автор: Бақыт Беделханұлы

Менде бəрі бар еді, иə, бергенмін!

Менде бəрі бар еді,
...иə,
бергенмін!
Барын аяп қалар дейсің елден кім?
Желіктері басылғанға жел бердім,
Ерік-демі басылғанға дем бердім.
Ана болар асыл жанға жол бердім,
Аға болар жас ұланға қол бердім.
Таусылғанға тағатымды бергенмін.
Қамсыз жанға қанатымды бергенмін.
Шемен болып қатпасын деп шер мен
мұң
Бəрін, бəрін беру үшін келгенмін.
Өйткені, мен – өң мен түстің арасын –
Көлгірсіген жерденмін!
Жерденмін ғой,
мен бір жақтан келгенмін...
білгішсініп, сына мейлің, кем көргін.
Мына өмірдің аптапты азап-отына
өлең үшін көнгенмін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу