Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  112


Автор: Ошақбай Суханберлин

Бәтіш Мұқатайқызына

Бір бойынан табылар інжу, маржан, асыл да,
Парасат пен ізгілік, мол ақыл бар басында.
Бал тамызып, сөйлеп кетсе шешендей,
Шаң ілеспей қаламыз, ол кісінің қасында.
Дәмін татып өмірдің ащысы мен тәттісін,
Жасап бүгін өттіңіз бір ғасырдың жартысын.
Қара шаңырақ мектептің ұжымының атынан,
Құтты болсын айтамыз мерейтойы Бәтіштің.
Ұлағатты ұстазсың, тілейтін тек жақсылық,
Жүзің күліп тұрғандай, дидарыңнан жаз шығып.
Осылайша жүре бер екінші елу біткенше,
Жүрегіңді жетекші, арманыңды басшы ғып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу