Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  146


Автор: Ошақбай Суханберлин

Дүние боқ

Көмекейден келеді күлсең күлкі,
Қызық өмір әркімге болса мүлкі.
Бір шыңырау түбі жоқ армандасаң,
Қуғаныңмен жеткізбес қиял-түлкі.
Қызық өмір әркімге, қызық өмір,
Көтеріліп жүреді бір күн көңіл,
Бір күн көңіл сұрланып, қайғы тартып,
Сары уайым басады тұйық өмір.
Дүниеге ие көп, тым ие көп,
Жатқанында білмейсің кім ие боп.
Бүгін көрген жоқ болып, ойын-күлкі,
Ертең артта қала ма дүние боқ?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу