Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  105


Автор: Ошақбай Суханберлин

Көпей шалға

Кезінде басып өткен із,
Ұмытып оны кетпеңіз.
Ақыл айтар атасыз,
Артық кетсек сөкпеңіз.
Білдірмес бөрі аштығын,
Көңілдің басып аптығын.
Ұсындың қызға жүректің,
Достығын, кейде қастығын.
Ентелеп шауып алқына,
Қарамай жүрдің артыңа.
Оңды-солды сайрандап,
Бір келмедің қалпыңа.
Кәрілік деген – қас-қайғы,
Кейін қарай баспайды.
Қанша ұмтылып тұрса да,
Кәрі айғыр бәрібір шаппайды.
Кезінде басып өткен із,
Ұмытып оны кетпеңіз.
Ақыл айтар атасыз,
Тағы айтсақ, тағы сөкпеңіз.
Сондықтан осы шағыңда,
Өткеніңді сағынба.
Ақылы дария ата бол,
Бос желікпе, қағынба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу