Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  404


Автор: Жамбыл Жабаев

ЖАМБЫЛ МЕН БӨЛТІРІК айтысы

Жамбыл:
Келіп ем Туғаным деп Қызыл бөрік1
Кеткелі өлеңіме қылып жерік.
Қаңғырып қайтайын деп келгенім жоқ,
Қып-қызыл билеріңнің жүзін көріп.
Бермедің қалы кілем, бұлғын ішік,
Тамағым салқын тиіп қалыпты ісіп.
Бақайдың берекелі Дəркембайы,
Көрген жоқ бұрын саған ісім түсіп.
Біздің ел Алатаудың бауырында,
Сіздің ел Асы жайлау сауырында.
Атаңның Қыдыр шалған қонысында,
Жақсы ма жолыққаным ауыруға?
Дəркембай, дəрісін тап, жібер емдеп,
Қалыппын көңіл сынып, қатты дендеп.
Алыстағы ағайыннан не алды екен деп,
Жүрмесін жетегіме жұрт телмеңдеп.
Уа, Бөлтірік, Бөлтірік!
Сөз мəуіртін келтіріп,
Бір сөйлесең, нетеді?
Сүйегімді жасыттың,
Кетейін бе өлтіріп!
Қалай жасып қайтайын,
Осы өңірде сен тұрып.
Ақын атың бар еді,
1 Қызыл бөрік – Албан ішіндегі ру аты. 2 Бақай – ру аты.
 
Сөйлесеңші серпіліп,
Жасыл жайлау, ақ орда
Қалсын біраз желпініп.
Неге отырсың үндемей,
Дəркембайдың алдында
Дəтің бармай іркіліп?
Бөлтірік:
Ой, Жамбыл-ай, Жамбыл-ай,
Қашан құлақ салды бай!
Сөз асылын тани ма,
Өзі ақынша қаңғымай?
Енші беріп, үй тіксе,
Əлі келмей жатқан жоқ.
Екей елі бұл өрдің
Келіп дəмін татқан жоқ.
Мата бір топ Жамбылға,
Мал таусылып жатқан жоқ.
Думан қылды аулыңда,
Сөзін бұлдап сатқан жоқ.
Өлең беріп жорға алса,
Жамбылдан бір сөз қалса,
Тарамай ма мақтан боп.
Ер көңілін таппасақ,
Үстіне ішік жаппасақ,
Қызылбөрік, Бақайды
Өр мінезді бұл Жамбыл
Жұртқа жаман атайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу