Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  101


Автор: Ерлан Рымбек

Сағыныш сазы

Бір өзің деп елжіреді жүрегім,
Сені күту – күнде бақыт, күнде мұң.
Қадіріңді білдім, жаным, аяулым,
Сенен асқан бақыт жоқ қой – білгенім.
Жүректегі алауланған жыр едің,
Үйдің көркін ашып тұрған гүл едің.
Келем деп ең аз-ақ күнде кешікпей,
Сол аз күнде сыз тартты ғой жүрегім.
Түні бойы дөңбекшіп көз ілмедім,
Санауменен өтті дүлдүл күндерім.
Аман-есен келсе екен деп сырқамай,
Бір құдайдан саулығыңды тіледім.
Қос аққудай ғұмыр бойы біргеміз,
Бөленерміз ең бақытты күнге біз.
Шайқалмасын шаңырағым баянды,
Шайқалмасын арманымыз, іргеміз.
Тек өзіңмен отырайын мен байып,
Сендей жар жоқ тең келетін гүл лайық.
Біз сияқты бақытты адамдардың
Алдарында көлденең кеп тұрмайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу