Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  107


Автор: Әбубәкір Қайран

Желді күнгі жапырылып қоғадай...

Желді күнгі жапырылып қоғадай,
Қиналмасқа киналасың, о, жан-ай!
Айлы түнде адастырып бір елес,
Шошытады шырақ жанған моладай.
Мұздай еріп бойыңдағы бар сенім,
Мұңаяды ойындағы ар-сезім.
Арсы-күрсі қатты қақты ет жүрек,
Арт жағыңда Ажал бар ма, жан, сенің?
Діндар айтса – жан дегенің қазасыз,
(Тән өлсе де мәнгілікте каласыз).
Жаным үшып кете ме деп қиналғаң,
Мүмкін, тәннің өзі шығар мазасыз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу