Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  163


Автор: Әбубәкір Қайран

Шұрқырап Қамбар ата, қой маңырап...

Қазақтың асқар тауы – аруанасы,
Маңқиған момын саулық – маң даласы.
Бұлттай таудан түскен төмен тартты
Жаз бойы жайлау емген мал баласы.
Шудадай ширатылып, буйраланып,
Жарықтық жаздың жүзі мида қалып,
Үркердің үмітіндей сұр аспаннан
Күз құлап, қара жаңбыр құйғаны анық.
Қалың, мал қыстау беттеп, ойға қулап,
Малшы тұр қыстың қамын ойланып ап.
Күзеудің күңгірт тартып жұрты қалды,
Шұрқырап Қамбар ата, қой маңырап!
Иә, Алла! Ел тілегін ескере гөр!
Қарыңнан, бораныңнан сескенеді ел.
Қысылмай бұл қысыңнан аман шықсақ,
Ел тойып, жер қайтадан кестеленер.
Маңдайы кең ашылсын малшы ағаның
Тұщынып мың сімірсін таң самалын.
Болса екен қора бүтін, үйі жылы–
Үмытар кең көсіліп шаршағанын.
Еркек қой қүйырығын салмақтасын,
Көрсетсін көңіл күліп, бармақ басын.
Төл төксін төрт түліктей малшы қауым,
Құдайым елді ешкімге алдатпасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу