Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  116


Автор: Индира Кереева

Алғашқы өлең

Таңым күліп атар ма?
Сіз
Жетпейсіз бе үш-ақ басып?!
Бүгін тағы жатам жалғыз,
Жастығыммен құшақтасып.
Өмірімді өпті өлеңім,
Құшақтайды жылап қайғы.
Жастығымды жек көремін,
Ол да мені ұнатпайды.
Көпшігіме тамар жасым,
Жапырақ-жан гүлсіз көктеп.
Нәзік болып жаралғасын,
Бар «айтарым» үнсіздік тек...
Құс болып мен ұшамын ба?
Қия құздан құлап барам...
Бауырыма қысамын да,
Көпшігіме сыр ақтарам.
Айға балап тағдырымды,
Түнде ғана тірілетін.
Жанардағы жаңбыр мұңды,
Көпшігіме төгілетін.
Айтам бәрін,
айта берем,
Үнсіздіктің тілі мұңды.
Естелікке қайта келем,
Ұмыта алмай қылығыңды...
...Таң атады.
Әлем әлек,
Тыйдырады өксігімді.
Үнсіз тұрып әдемілеп,
Жинап қоям көпшігімді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу