Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  103


Автор: Индира Кереева

Сыр

О, Жаңбыр…
Жанымның көз жасы,
Көз жасым – жанымның қаны ма?!.
Тағдырым…
Сезімнің олжасы,
Жанарым…
Әлемнің жарығы, ә?!
О, Бұлттар!
Қызыққан бізге бір,
Тұрақтай алмаған көк белге.
Менің де Көктемім күзде жүр,
Мен тұрмын…
Өте алмай өткелде:
Тентектігім
тағдырыма ұласып,
Үміт кетті...
Сонааау тұрған қыр асып.
Неге, бірақ…
Көңілімнің көгінде,
Қол бұлғап сен тұрасың?!
Еркелігім есерлікке айналып,
Егілемін...
Жегі мұңым бойды алып.
Қалғанбыз ба бірімізге біріміз,
Жіпсіз байланып?!
О, Сезім!
Біз жылап алдыңа кеп тұрдық,
Үзіліп...
Үздігіп…
Неше рет…
...Ақтөбе…
Адасқан көп мұңлық,
Арманын іздеп жүр көшеде.
Ақтөбе…
Үзілген сыр біздің,
Қалғаны:
Сағыну…
Жыр..
Күз...
Мұң…
…Көктемі күлмейтін қалада,
Қаңғып жүр үміті бір қыздың…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу