Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  161


Автор: Динара Мәлік

Қып-қызыл күннің шұғыласында...

Қып-қызыл күннің шұғыласында,
Сүйетініңді ұғынасың ба?
Тірлігіңді де тұншықтыра алмай,
Пейіліме кеп жылынасың ба?
Тағдырыма кеп тұрақтадың да,
Кінәсіздерді жылатпадың ба?
Арымды алып, аспанға ұштың,
Жердегілерден жырақтадыңда.
Қызғанып қалсам, кінәлай көрме,
Қызғанып алып, жыламай жүр де.
күтейін сені көзіңдей болып,
Сүйейін сосын, ұнамай елге.
Білмедім, күнім, жүрегіңде кім?
Күтіп-ақ өмір сүремін дедім.
Адамнан аяр сырыңмын асқақ,
Алладан сұрар тілегіңдемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу