Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  100


Автор: Динара Мәлік

Дауысың көңілді...

Дауысың көңілді,
Күндерің шуақты көрінді.
Салқындау сәлеммен қоштастың,
Өзгертпей өңіңді.
Ойымнан ұялдым,
Сен қалай сезімге сия алдың?
Ішімде ұлыған қызғаныш,
Алдыңда ұяңмын.
Сенде жоқ ұмтылыс,
Хатың да, хабарың тым-тырыс.
Жалғыздық жаныма жат емес,
Күлкімде- күрсініс.
Әзірге шүкірмін,
Жүректің жасына жұтылдым.
Ләззәттың азабы осы ма,
Түніңе түкірдім!
Қайтемін өкініп.
Жүр деме «арына» бекініп.
Сен және мен сүрген бұл өмір,
Тәп-тәтті өтірік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу