Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  76


Автор: Динара Мәлік

Жер басып жүретін пендемін...

Жер басып жүретін пендемін,
Аспанға арналған жаным бар.
Мәңгілік қайғыға сенбедім,
мәңгілік махаббат табыңдар!
Өмір де қайтарар бетіңді,
басыла қоймаса желігің.
Дәл осы өмірім секілді,
расында сүйеді мені кім?
Бақытты жоғалтып алам да,
бақытсыз шақтарға тоқталам.
Кінәмді жасырып қаламға,
күнәсіз кештерге ақталам.
Көз жасым қуаныш хаттарым,
күлкімде ғұмырдың өлшемі.
өміршең өлеңдер жаттадым,
Өмір боп сүйейін мен сені!
Тағдырда бір тылсым сыр барын,
ұғындым сен келіп өпкенде.
Жанымды жетектеп жылдарым,
әкетіп барады көктемге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу