Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  94


Автор: Динара Мәлік

Жазылмас жараны емдеймін...

Жазылмас жараны емдеймін,
Дертімнің дауасы кім деймін?
Басқа бір құшақты аңсап ап,
Басқа бір құшақта гүлдеймін.
Бақытты болып та мұңайдым,
Пенде боп пендені сынаймын.
Қуанғым келіп тұр жүрекпен,
Жас болып неліктен жылаймын.
Бір құлы болсам деп Құдайдың,
Жаңылмай жүз бақыт сұраймын.
Басқаша жыр жазғым келіп тұр,
Басқаша шумақтар құраймын.
«Дәл қазір шуақ боп төгілсем,
Әйелдей алдыңда жеңілсем»,
деп келе жатамын ал, сосын,
Жек көріп тұрамын көрінсең!
Талай рет қоштасқам түнменен,
Қоштасып көргенмін, үнменен.
Ал, сөздер басқаша сөйлеп тұр,
Ерінімді есітіп ап шөлдеген.
Ішімде ерегес, төбелес,
Көзімде құбылған көп елес.
Мен солай екеумін өмірде,
Жер басып жүргені мен емес!
Жалғыз боп қалғандар елемес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу