Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  87


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Жадау тартқан жұртым бар...

Қызықтырар əзəзіл пендешілік əрнеге.
Дүниауи тірлікпен түсем кейде əуреге.
Көрем дағы бір кемтар қайыршыны
көшеден
Шүкір, Шүкір, Шүкір... деп келем қайта
Тəубеме.
Жұпынылау тоқал там еске түсер біз өскен
Сол бір ыстық ұямда айлар өткен, жыл
өткен.
Момын əкем еңбегі еш, сырқат анам
қиналған
Соңымыздан қалмайтын қу жокшылық
күзеткен.
Сол бір ыстық ұямда бір шоқ өртеп денемді
Шабыт келіп оқыстан жаздым алғаш өлеңді.
Атақ, мансап соңына түскенім жоқ
сүмеңдеп
Ұсақ-түйек жандардан биік тұттым өремді.
Ілуде бір кигенде, жаңа жейде, жаңа сым
Көкке қолың жеткендей көңіл тасып
қалатын.
Əрнəрсеге қанағат, – дейтін əкем сабырмен
Сол қанағат нақылым əркез еске алатын.
Көрдім талай өгейлік жүрмесем де жат елде
Аңғал басым абайсыз түсті-ау, талай қатерге.
Тағдыр саған өкпелі жан емеспін, əйтсе де
Сергелдеңіңді ұмытпан зар болған
бір пəтерге.
Тағдыр, саған наз айтпан мол емес
деп шат күнім
Татып көрмей ащыны,
дəмі болмас тəттінің.
Сан сыныңды қасқайып қарсы алдым да
қайыспай
Бірде бар да,
бірде жоқ өте шықты жастығым.
Кезектесер өмір ғой бірде шаттық,
бірде мұң
Оқыстан кеп ажалы жалғыз
ұлды жұлды өлім.
Еш жұбату баса алмас қасіретім
бұл менің!..
«Қайырын бер, Алла»-деп өтті-ау ауыр
күндерім.
Ниетті Алла қабыл ап, күндер кештім
бір ғажап
Сырт айналды бір досым ішін
мысық тырналап.
Жөйітің де тиісті, көккөз əкім жұлмалап
Кекесінмен зірк етті ол «Қайтеді-ей,
-деп- бұл қазақ!»
Ашу басқа шапшыды, шамға тиіп бұл бір доқ
Менің балаларым да күн кешпек пе
ділгір боп?!
Жо-жоқ бұған шыдаман намысым бар,
отым бар
Арыстандай айбат ап мен де қарсы
тұрдым көп.
Асын ішіп, аяғын теуіп жатса кірмелер
Бір сілкініс жасамай орнар дейсің
бақ қалай?
Ынтымақтың орнына бір-біріңді аңду бар
Бір-біріңді түртпектеп, бір-біріңе ор
қаздыңдар.
Бар мəселе ақшамен шешілуде шараң жоқ
Заман емес азатын, аздыратын азғындар!
Несібінен қағылып жадау тартқан
жұртым бар
Жұртыңды ойлар сөз айтсаң,
билік керең, кім тыңдар?
Жұмырына жұқ болмай мұнайың да
кенің де
Қанша жұтса тоймайтын бұл не деген
құлқындар!..
Қымбат көлік, сарайын мақтан көрген,
сəн көрген
Небір асып-тасқандық шығып жатыр
«дəулерден»
Не күтіп тұр білмейді ертең бірақ
алдынан
Шірен, шірен, əй, пенде, аспа бірақ
ТƏУБЕҢНЕН!..
Жерің түсіп талауға, оңалмай тұр тілің де
Құрғақ сөзбен даурығу əдет болды
бүгінде.
Шыда, шыда, көнбіс ел, шыда бірақ
түңілме
Мың асқанға бір тосқан болары анық
түбінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу