Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  149


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Отбасының қазығы - Сара жеңгей

Отбасының қазығы-Сара жеңгей,
Бір өзі -қазақ үшін бар əлемдей.
«Өзін-өзі танумен» тамсандырған,
Əрі ұстаз, əрі Ана, дана жеңгей.
Əдісін Ивановтың меңгергенде,
Таңқалған алғашында ел көргенде.
Мұздай суға шомылып, бойындағы
Ауруын көп болды жеңгендер де.
«Бөбек» қоры-қамқоры бар баланың,
Ана жүрек кең екен, аңғарамын.
Үш қызды əрі сұлу, əрі ақылды,
Өсірген қайратына таң қаламын.
Үлкені-«Асар» құрған Дариғасы,
Қыздардың əрі үлкені, əрі басы.
Саяси қалыптасқан оқымысты,
Бар өзінің өмірлік қағидасы.
Ортаншы қызы, ел білер, Динараны,
Өзінің ортасының сыйлы адамы.
Əкенің ақылшысы, көмекшісі,
Қуанады ол үшін, қиналады.
Əрине, кенже қызы Əлиясы,
Аялап жақсы көрер жанұясы.
Нұрекең мен Сараның сүйкімдісі,
Мөлдіреп ағып жатқан дариясы.
Сонымен, Сара жеңгей Ер тірегі,
Сырлары Теміртаудан шертіледі.
...Президент ұясының қадамымен,
Қашанда бірге жүрер Ел тілегі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу