Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  176


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әмір Темірге

Əмір Темір əлемді билеген ер,
Менменсінген кердеңді сүймеген ер.
Қантөгіссіз берілсе – қала салып,
Қантөгісті қаласа – илеген ер.
Заманында арманы көп болған ер,
Түркі басы біріксе тоқ болған ер.
Достарына ашылып алақандай,
Дұшпанына зулаған оқ болған ер.
Анасынан Алла! деп, кем туған ер,
Батырлықпен кемдігін толтырған ер.
Бір сөзімен – Яссыда күмбез орнап,
Бір сөзімен - дауылды жел тұрған ел.
Мейіріммен момынды толқытқан ер,
Қаһарымен қаталды қорқытқан ер.
Тоғыз қатын өзіндей ұл таба алмай,
Тоқсан қатын өлгенде шер тұтқан ер.
Самарқанды шеберге салдырған ер,
Арыстанбапқа ұстаны алдырған ер.
Париж қала салам деп Фарыш жақта,
Ат тұяғы, құс қанатын талдырған ер.
Ата даңқын əлемге даң қылған ер,
Адамдықты, ерлікті заң қылған ер.
…Түркі түгел төбеде бас қосқанда,
Аты қайта тіріліп, жаңғырған ер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу