Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  78


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Естілмейді құстардың бақтағы əні...

Естілмейді құстардың бақтағы əні,
Ұшып кеткен жып-жылы жаққа бəрі.
Желең көйлек талдарды дірілдетіп,
Келіп қалды қыстың да жат хабары.
Кешіккен құс ұшарда көтеріле,
Ұясына қарайды – мекеніне.
Қанша ыстық өлкеге ұшса-дағы,
Туып-өскен жеріне жетеді ме?!
Мектеп жақтан шат күлкі тұр естіліп,
Сыйлық үшін жатқандай күрестіріп,
Балаларға қайырымды күз – ағай жүр,
Өңшең тəтті алманы үлестіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу