Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  147


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ахметке хат

Сəлемменен хат жаздым,
Ахмет, сендей бауырға.
Аман-есен, саламат,
Бала-шаға тəуір ме?
Тағы да сəлем бізден айт,
Көктебеде қалған қауымға!
Балабек жəкем, Раман,
Майлыбай біткен бауырға.
Хат жазамын сағынып,
Қалдар інім қайда екен,
Жүрме екен тарығып,
Жоқ көңілі жай ма екен?!
Жат жердің тасын басқанмен,
Хат жазбастай не қылдық,
Сапарəлі, Сапар, Оспан мен,
Əбілданы сағындық.
Күн санаймыз елеңдеп,
Күтіңдер бізді келер деп.
Қарияларға көп сəлем,
Хат жазыңдар бізді елеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу