Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  136


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Суық

Томпаң қағып, анасына:
- Тоңдым, тоңдым, - деді бала
Торқа көрпе арасына,
Тоқтышақтай енді бала.
Қымтап, орап көрпеменен,
Қасына оның келді де Ана.
Құлынына еркелеген,
Əңгіме айтып берді жаңа:
- Салқын болып көрінеді-ау,
Саған құстың көлеңкесі.
Алтын кекіл, тəмпіш танау,
Анасының ең еркесі.
Табаныңнан сыз өтпесе,
Маңдайыңнан күн өтпесе,
Күзгі боран, қысқы аязда,
Өне бойың дір етпесе,
Туған жерді сүю – қиын,
Ел қадірін білу – қиын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу