Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  97


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ленин ата суреті

Тойлайтұғын кез жетті,
Менің туған күнімді.
Көкем сурет көрсетті,
- Сыйлығым, - деп, - бүгінгі.
Алтыдасың бүгін сен,
Кім екенін айта ғой?
Ол суретті білуші ем,
Дедім:
- Ленин ата ғой.
Бар досымды жинады,
Көкем сурет сыйлады.
- Бақытты бол, гүлім! – деп
Ленин тұрды күлімдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу