17.05.2022
  819


Автор: Медицина қызметкері күні

Медицина күнімен

Ақ халатты ақ жандар,
Саулықта аман жүріңдер.
Құттықтаймын сіздерді,
Медицина күнімен.

Әр істерің оң болып,
Ел алғысын алыңдар.
Ауырған әрбір жандарға,
Үміт отын жағыңдар.

Сіздер елдің жүрегі,
Қанайналым қылатын.
Жаратқаным жар болсын,
Асқақтап биік бұл атың.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу