Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  124


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Тағдыр

Кім білсін
Тозды ма екен көне шыбық.
Кім білсін
Кетті, бәлкім, жел есіріп.
Ұясы құрқылтайдың
Құлап түсті
Құлаған баспанадай
төбе шіріп.
Бір қатер
Сол ұяға төніп кепті.
Шиқ етті,
Балапандар өліп кетті.
Сәлден соң
Қыбырлаған құрт-құмырсқа
Ұяның жан-жағына
толып кетті.
Кім ұқсын
Құрқылтайдың ән-арманын.
Қайғысы
Тек өзіне болар мәлім.
Тағдырың
Жем етсе құрт-құмырсқаға,
Не керек
Қанатты боп жаралғаның?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу