Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  104


Автор: Аманхан Əлімұлы

Экспромт

I
Қара құйын соққандай қырдан кезбе,
Мұңның табын сезгейсiң ұрған көзге?!
Қызмет пен атақтың аузын ұрдым,
Өлең деген өмiрiм тұрған кезде.
II
Жеткiзбейдi көкжиек қашқан киiк,
Көтертпейдi еңсемдi басқан күйiк.
Қайда қоям жанымды жабырқаулы,
Дала байтақ, содан соң аспан биiк.
ІІІ
Артыма қаратпайтын еспе күштей,
Таң түгіл көрген жайсыз кеш те түстей.
Қай тұсқа жастығымды жерлегенім,
Қарашы тұрғандығын еске түспей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу