Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  100


Автор: Құралай Омар

Қол ұстасып қар қызымен өзiң жаққа аттанам...

Қол ұстасып қар қызымен өзiң жаққа аттанам,
Ағытамын сұлу сөздi саған арнап сақтаған.
Елiгiңдi қорғап жүрсiн сұқ көздерден, жанардан,
Жырмен жазған, сырмен жазған тұмарыңды тақ маған.
Тұмарыңды тағайыншы жыр-сүрелер басылған,
Қорған болсын көңiлiм мен сезiмiме тасылған.
Қар қызымен бiр кешейiк мынау аппақ әлемдi,
Ай нұрына шомылайық аппақ қарға шашылған.
Ай нұрына шағылысып ақ әлемнiң iшiнде,
Жүр екенбiз түсiмде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу