Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  113


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Мен - мәңгiлiк махаббат...

Мен - мәңгiлiк махаббат.
Күн - мекенiм,
Жүрегiмдi өзiңе түрме етемiн.
Махаббатымдай ыстық Күнде жүрiп
Сенiң көңiлiң бiлмеппiн кiмде екенiн.
Мен - мәңгiлiк махаббат.
Ай - мекенiм,
Өзiңдi ойлап уақытты пайда етемiн.
Бар аңсарым сенде едi, бiрақ, жаным,
Сенiң көңiлiң бiлмеппiн қайда екенiн.
Мен - мәңгiлiк махаббат.
Жер - мекенiм,
Сен бар ғой деп Жердi де тербетемiн.
Тәңiрсiнiп жүргенде сенi көрсем
Түседi сонда есiме екенiм...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу