Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  118


Автор: Сабырхан Асанов

Шолпан қыз

Көкірегімді көп өртеген от едің,
Деп ем сені жырлап қана өтемін.
Қайда жүрсің күн дидарлы Шолпан қыз,
мекен еткен Алатаудың етегін.
Қайда жүрсің, қайда жүрсің қарағым,
Алыс жақын шатқалдарды қарадым.
Тұяқбайды,
Қарлығашты артқа сап,
қырдан асып әлі кетіп барамын.
Іздей
-іздей онан дағы таппадым,
өткізген жас балғын шыбық шақтарын,
қайта оралдым Алматының бағына,
екеуіміз қарсы алатын ақ таңын
.
Мүңда да жоқ,
үйге шаршап оралдым,
ойлай
-ойлай қалғып кеттім таң алды,
Қайдасың деп,
қайдасың деп, Шолпаным
Тауда туған әсем лағы маралдың.
Түсіме еніп қойлы ауылдың көгені,
қозы қуып аса бергем төбені,
бір тықырдан кеттім шошып оянып:
– бұл кім?– деп ем,
– Шолпанмын ғой,– дегені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу